Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Туған жер-2018» өлкетану оқулары

2018 жылдың 10 қазан күні Лисаков мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер-2018» өңірлік өлкетану оқулары өтті.

 

Конференцияға Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларының , сондай-ақ Денисов, Таран және Қарабалық аудандарының ұстаздары, мұражай, кітапхана, мұрағат қызметкерлері қатысты. Мамандар баяндамалары мен ғылыми мақалаларында ежелгі уақыттан бастап, Жоғарғы Тобылдың тарихи даму көрінісін еске түсіруге тырысты.

 

Форум барысында Лисаков қаласы маңындағы палеонтологиялық зерттеулер нәтижелері, қола дәуіріндегі ескерткіштердің қалпына келтірудің тәжірибесі туралы баяндамалар тыңдалды. 1928 жылы Қостанай округінің аумағында өткен ірі қазақ байларының мүліктерін тәркілеу туралы, Денисов селосының Православиелік шіркеуінің тарихы туралы ұсынылған ғылыми жұмыс тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Бұрындары Аят өзені жағасында орналасқан, Куйбышев атындағы жоғалып кеткен ауыл ұсынылған фотосуреттер мен естеліктер арқылы қайта түлегендей болды. Мұражай қызметкерлерінің Қостанай облысындағы белгілі тұлғаларымыз Елдес Омаров пен И.И.Дьячковтың қызметі туралы әңгімесі мазмұнды және әсерлі болды. Лисаков тарихының кейбір аспектілері қалалық музыка мектебінің бірінші директоры Б.Н.Ермолаев, Лисаков қаласының жергілікті радиосының ардагері Г.П.Шумакова туралы жазылған ғылыми еңбектер арқасында ашыла түсті. Тыңдаушылар Ғылыми Қарабалық ауданының ауыл тарихын неміс диаспорасының қоғамдық мұражайының тарихы арқылы білді.

 

Зерттеу тұсаукесерлеріне жоғары баға берген құрметті қонақтар қатарында  «Нұр Отан» партиясының Лисаков қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И. В. Неявко; Лисаков қаласының құрметті азаматтары: В. А. Кошелев, О. Х. Айдосов, Ю. Ф. Шаврин болды.

 

Оқу материалдары «Туған жер.Қостанай облысының тарихы мақалалар мен өлкетану зерттеулерінде» жинағында жарияланды. Жинақтар қатысушыларға берілді, Қостанай облысының кітапханаларына таратылды. Жинақтың электрондық нұсқасы Лисаков мұражайының сайтында қолжетімді  http://lisakovsk-museum.kz/